Жалоба №24835



Жалоба #24835на45 гимназия
28.11.2016, в 17:55отАйка, г. Тараз
Сәлеметсіздерме!
Мен Тараз қаласынан № 45 классикалық гимназиясынының ата-анасымын, бұрын мұғалім болып жұмыс істегенмін.
Осы мектептің директоры зейнеткерлік жастан кейін 4 жыл болды отырғанына. Енді тағы келісімшартты жалғастырмақшы. Неге ел басымыз айтқан еді, зейнеткерлік жасқа шыққаннан кейін бір күн жұмыс істемей демалысқа кетсін деген заңы күшіне еңбегенбе.
Бұл бастық әбден мазамызды қашырды ғой, қаншама ішімізде болған қылмыстық іс әрекеттерді жауып отыр. Барлық ата-аналар оның сөзің сөйлейді. Мұғалімге деген құрметі жоқ адам. Оқушылардан сауалнама алады, мұғалімге деген көз қарастары қандай деген, оқушылар мұғалімді жаман десе болды сол көзқараспен қалып, мұғалімді жер қылады. Ата-аналармен оқушылардың сөздері ол үшін заң. Мұғалімдерді адам құрлы көрмейді.
Жазғы лагерьде 600 оқушыны құтқарушысы жоқ бір бассейнге апарып, оқушымыз бассейнде суға батып қайтыс болды. Ол оқушыны біздің лагерьге келіп жүрген оқушы емес деп тізімнен алып тастап артын жапқан еді. Себебі ол оқушының анасы бізде бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс істейді. Сол мұғалімнің артынан қалмай бізді құтқаршы деп арыз жаздырмады. Сол мұғалімнің өзінен жай қарапайым адам болып сырласып сырын білгіңіз келсе бәрін айтып берер еді. Әділдік жоқ бұл мектепте.
Қаншама мұғалімдерді ұнамаса жұмыстан шығарып, өзіне қарсы келген мұғалімнің артынан қалмай тыныштық бермейді. Өзінің қол асытындағы орынбасары бар, ол жаман деген мұғалімді заңды жүзде қудалап шығарады. Өткен жылы 2-ші сынып оқушысы мектепке келе жатып бір еркек алып кетіп зорламақшы болған жерінен ұсталған еді. Құдай сақтап қыз аман қалды. Соның сынып жетекшісін артынан қалмай жұмыстан шығарып жіберді. «Көзіңді құртпайсынба» деп, ол мұғалім кінәлі болмасада айыпты қылды. Меніде жұмыстан шығарып жіберген.
Әр мейрамда ақша жинап береміз, ол немерелі болсада жинаймыз. Әр оқушыны мектепке алу үшін кемінде одан 500 доллар алады. Ал өзіміздің мұғалімдер баласын мектепке беретін болса, жерден алып жерге тығады. «Қандай еңбегін сіңген едін» деп айқалап шығарып салады.
Таразда қандай бетке ұстар ата аналар бар, міне солардың балаларын алады. Қарапайым мұғалімнің балашағасы ол үшін ешкім емес. Себебі «сен кім едің» деп айқайға салады. Ата-аналар комитетіне әдейі жиналыс жасап облыс әкіміне қалсын орныңда деген хатқа қол қойдырып ал.
Өтініп сіздерден сұраймыз осы директорды орнынан босатыңыздаршы. Бүкіл мектептің мұғалімдері қарсы бұның орныңда қалғанына.
Комментариев: 0
Категория: Образование, Университет, Школа

Новый комментарий:


Имя: * (или идентификатор)
E-mail: *
Комментарий:  *
5 + 1 = *
Страницы: 1