Жалоба №24845



Жалоба #24845наклиника МКТУ города Туркестан
29.11.2016, в 10:45отСауле Нурумбетова, тел.: 87016704781, г. Туркестан
Құрметті Тамара Қасымқызы!
Менің, ОҚО Түркістан қаласының тұрғыны Нұрымбетова Сауле Сейтенқызының, арыздануымның себебі Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің дәрігерлік клиникасында травматолог болып жұмыс істейтін Хаумет Ерден деген азамат менің қызым Панзарбекова Алтыншашты 2016 жылдың 21 қазанында балағаттап, мойнынан қылқындырып, бетінен ұрып, күшпен жерге лақтырған. Біраздан кейін қызым есін жинап, менің ұлым Нұрсұлтанды шақырып үйіне қайтады. Сол кезде ол кафельге күшпен құлағандықтан құйымшағы жарақат алған. Сол күні қызым жедел жәрдем машинасымен сол Хаумет Ерден жұмыс жасайтын жерге түседі. Кезекші дәрігер Немат рентгенге, компьютерлік томографияға түсірген кезде құйымшақтың шығып кеткені анықталады. ( барлық снимкалары бар) Қуат деген врач келіп, орнына салдым деп жібереді.
Клиникада орын жоқ деп қатты қиналып тұрған қызымды үйге қайтарады. Алайда келесі күні Хаумет Ерден, жауапкершіліктен қашқысы келген болар, сол бөлімшеге сенбі күні яғни 22 қазан күні миым шайқалды деп түседі де келесі күні жазылып шығады да, 23 қазан күні Тукия мемлекетіне стажировкаға ұшақпен ұшып кетеді. Ол қатты наұқастанып түссе қалай тез арада жазылып, ұшақпен ұшуға жарайды? Неге менің жаны қиналып тұрған қызыма орын табылмайды да, сап-сау Хаумет Ерденге орын табылады? Неге Кыдыров Асет деген дәрігер өзінің қызметін асыра пайдаланады? Ол оның жеке клиникасы емес қой! Мен сияқты халықтың салық төлемдерінен қаржыландырылып отырған жоқ па? Өзі дәрігер бола тұрып Хаумет Ерден еш көмек көрсетпеген. Қолдарыңнан келгендеріңді істеңдер деп Түркияда жүр. Ол ертең бұдан да сорақы тірліктер жасамасына кім кепіл?
Мен сол клиниканың бас дәрігеріне шағымдандым, бірақ ол орында отырған Эмин Туркоз деген түрік азаматы мемлекеттік тілді мүлдем білмейді екен. Еш нәрсе түсінбейді, кейін оның стоматолог екенін білгенімде таң қалдым. Қазақ халқын ол қалай емдеп, дені қазақтардан құралған ұжымды қалай басқармақшы деген сауал мені қатты толғандырды. Әрине ол менің шағымыма күні бүгінге дейін жауап берген жоқ! Сонда сол ұжымды басқаруға қазақ азаматының лайық болмағаны менің намысыма қатты тиді!
Әрине Хаумет Ерденнің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бірақ әлі сот отырысы болған жоқ және мен прокуратураға да шағымданып жатырмын. Облыстық медицина қызметін бақылау департаментіне шағымдандым, бірақ олардың жауабына қанағаттанған жоқпын, себебі олардың тексеруі бойынша Кыдыров Асет сүттен ақ, судан таза болып шықты. Өзіңіз басқарып отырған салада бұндай келеңсіздіктерге орын бермессіз деген үлкен үміттемін. Сол себептен бар үмітім тек Сіз ғана! Жай қарапайым халықтын сөзіне құлақ асарсыз! Жауабыңызды асыға күтемін!


22.11.2016 Нұрымбетова Сауле Сейтенқызы 8 (701) 6704781
Комментариев: 0
Категория: Медицина, Скорая помощь

Новый комментарий:


Имя: * (или идентификатор)
E-mail: *
Комментарий:  *
12 + 6 = *
Страницы: 1