Жалоба №24879



Жалоба #24879наМедико социальная комиссия
30.11.2016, в 21:41отБибисара, г. Алматы
Менің 26 жасар баламды 2008 жылы тамыз айында түнде жұмыстан қайтып келе жатқанда бұзақылар сабап кетті. Содан бері балам аурулы болып қалды. Баламның ауруы азаюдың орнына үсті-үстіне қосылып жатыр. Қазір үш маманда есепте тұр. Эндекринологта – психогенный несахарный диабет, субкомпенсация; невропатолгта – симптоматическая эпилепсия в виде генерализованных судорожных эпилептических припадков с тенденцией к серийному, статусному течению. Посттравматическая энцефалопатия, гипертензионный синдром; психиятрда – шизоаффектный расстройства деген диагноздар қойылған. Жазда, тамыз айында балам эпилепсиясы ұстап қатты құлап қалды. Төрт күн комада болды. Содан өзіміздің тіркелген Алматы қаласындағы №17 емханамызға келгенде, менің балама инвалиднст берілуі керек деп құжаттарын дайындатып, тұрғылықты жеріміз Наурызбай ауданына жіберді. Бүгін аудандық МСК–ке барып, консултациядан өттік. Бір ғана дәрігер 30 минут уақытта менің балам жұмыс жасауға жарамды деп, есепте тұрған дәрігерлерімізден ем алуды жалғастыра беруді айтты. Менің сіздерден сұрайын дегенім осындай диагнозбен қандай жұмысқа орналасуға болады? Ертең медициналық страхования енгенде менің баламның жағдайы қалай болады? Біздер ата-анасы зейнеткерлерміз.
Комментариев: 0
Категория: Медицина, Скорая помощь

Новый комментарий:


Имя: * (или идентификатор)
E-mail: *
Комментарий:  *
8 + 7 = *
Страницы: 1