Жалоба №25483

Жалоба #25483 (10.01.2017, в 19:59) Правка
на
«Казпочта » АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы
10.01.2017, в 19:59
от
Ерлан Тажиев, г. Шымкент
«Казпочта» АҚ Басқарма
төрағасы Б. Мусинге

Құрметті Бағдат Батырбекұлы!

Сіз «Казпочта » АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының 2015 жылға дейін оң көрсеткіштерге қол жеткізіп жұмыс істегенін білетін едіңіз. Сөйте тұра 02.02.2015 ж. ОҚОФ директоры етіп пошта саласы жұмысынан бейхабар Е. Ажиевты тағайындадыңыз. Неге сол Е. Ажиевтың жауапкершілігі мол қызметіне түгелдеу-қабылдау Актісі жасалынбады? Түсініксіз. ОҚОФ жұмысында бей-берекетсіздік орын алса, Е. Ажиев «ұсталып » жайына кетті.
Сіз ОҚОФ-қа поштаның Жамбыл облыстық филиалында директор қызметінде жүрген Пірәлі Болысбекті әкелдіңіз. Пошта саласында ұзақ жыл қызмет істеген, оның ішінде ОҚОФ директорының орынбасары болып, сала жұмысынан мол тәжірибе жинақтаған іскер басшы-кадрды Шымкентке әкелгеніңіз Сіздің дұрыс шешіміңіздің бірі болатын.
Өзіне тапсырылған қызметтің жауапкершілігін тереңнен білетін Б. Пірәлі осы ОФ-дың табысына, жұмыс сапасына, Д-т, К-т қарыздарға, бухгалтерия есептеріне сараптама жасатқызып, түгендеу жұмыстарын жүргізген. Пошта саласының беталдылыққа кеткен жұмысын жөндейді. Осы кезде Сарыағаш АПБТ – ның бухгалтерлік есептері дұрыс келмегендіктен, оны нақтылай анықтауға мамандар жіберіп, тексертеді.
Б. Пірәлі мұндағы жағдайды 04.09.2015 ж. ОҚОФ кеңесінде талқылап, Сарыағаш АПБТ-ы қаржы-шаруашылық жұмыстарын қайта толық тексеру қажет деп шешеді. Сол күні Б. Пірәлі «Қазпочта» АҚ тексеру және бақылау департаментінің директоры М. Түзелбаевқа хабарласып, департаменттің бас маманы Н. Көшербаевты алдырып, мамандармен Сарыағаш АПБТ тексеруге жібереді.
Тексерушілер бұл АПБТ-та ірі мөлшердегі қаржының талан-таражын анықтай бастайды.
Сізге бір сауал. Сіздің 15.03.2015 ж. №315/ к бұйрығыңызбен Сарыағаш АПБТ-ның 01.01.2014ж. – 31.03.2015ж. аралығындағы қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізушілер 09.04.2015ж. жасаған Актісінде ешқандай қаржы талан-таражы жоқ деп жазады, ал АПБТ-ға 2 айдан кейін, Б. Пірәлінің талап етуімен келген тексерушілер ірі мөлшерде қаржының жоғалғанын табады.
Және Сіздің 12.03.2015ж. № 315/ к бұйрығыңызбен ОҚОФ-тың 01.04.2014ж. - 01.04.2015ж. аралығындағы қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізушілердің де 27.04.2015ж. Актісінде де Сарыағаш АПБТ «тап-таза» болып тұрғанын қалай түсінуге болады?
Шымкенттіктер бұл кезде Сарыағаш АПБТ-да ірі мөлшерде қаржының талан-тараж болғанын білетін. Себебі, 14.10.2014ж. ғаламтордың «қазақстан. Жалоба» сайтына Сарыағаштағы сорақылықты ашып жазып, 50000 доллардан кем емес қаржының ұрланғаны туралы ақпарт түскен.
Сізге екінші сұрақ. Сіз осы ақпаратпен танысып, оны ОҚОФ-қа жібердіңіз. Еліміздегі поштаның №1 басшысы Сіздің ғана емес, оқыған адамның намысына тиетін осы ақпараттың тексерілуін неге тікелей өз бақылауыңызға алмадыңыз? Ел қазынасы ұрланып жатыр дегенді есітіп тұрып, оны сырғытып тастауыңыздың себебі неде?
Сізге үшінші сауал. Сарыағашта 200 миллионнан астам қаржының талан-таражын анықтауға Б. Пірәлі бастамашыл болады, ал Сіз сонда «моя хата с края» демекшісіз бе? Мемлекетшіл азамат Б. Пірәлі ел қазынысын қорғаймын дегені үшін, ешқандай негізсіз қызметінен шектелініп, 14 айдан бері Сіздін бетіңізге қарап, жұмыссыз сандалып жүр; Ал, Сіз жалғыз Б. Пірәлі емес, Сарыағаштағы 20-жуық пошта қызметкерлерінің бір жылдан астам уақыттан бері жұмыссыз, жалақысыз қаңғырып қалғанына неге сергектікпен қарамайсыз?
ОҚОФ директоры Ә. Сүгірбаеваның соншама пошташыларды қызметінен шектеуге дәйекті негіз жоқ болатын, ол өзбілермендігін жасады. Бұдан Сіздің ОҚОФ тынысына назар аудармағаныңыз байқалады.
Сізге төртінші сауал.
Оңтүстік Қазақстан облыстық кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі 29.10.2016ж. Сарыағаш мәселесі бойынша шығарған Қаулысында оннан астам адамның кінәсіздігін көрсетті. Ал, Ә. Сүгірбаева сол Қаулыны қолына ұстап отырса да, пошташылардың тағдырына қатысты заң аясында шешім қабылдағысы келмейді. Бұл мәселеден Сіздің хабарсыз болуыңыз мүмкін емес. Әлде соларға төленуге тиісті ондаған миллион теңге Ә. Сүгірбаева екеуіңіздің қалтаңыздан шығуы мүмкін бе? Болмаса, төрт айдың жүзі болуы, бұл мәселе неге шешілмейді?
ОҚОФ-тың шығынын ойламай-ақ қойыңыз, Ә. Сүгірбаева келгелі бұл мекеменің түрлі шығындары бұрынғы жылдармен салыстырғанда еселеп көбейіп кеткен. Заңбұзушылықпен жасалған шығындар ұйымдасқан қылмыстық топтың қолымен істелген нақты фактілері қолымызда тұрғанның өзінде, оны жария етуді ел-жұрттан ұяламыз, ОҚОФ-тың жаман аты шықпасын деп.
Сіздің «ноқтасын» алып жіберген Сүгірбаеваңыз білгенін істеп бітті. ОҚОФ-та кадр ауыстыру соңғы бірнеше жылда болмаған деңгейге жетті. Мәлімет алып танысыңыз, пошта кадрды «қолғапша » ауыстырытын жер емес, жұмысты солар істейді. Ә. Сүгірбаеваның аузынан тастамайтын «всё старые работники мошеники» дейтін сөзі шымкенттіктердің намысына тиіп, ел-жұрт өзінің бұрынғы ОҚОФ-на құрметпен қарауды қоя бастағанына біз қатты өкінеміз.
Білсеңіз керек, Сүгірбаеваның «Самоуправстосы» облыс жұртшылығының жағасын ұстатып отыр. Осы жылғы 05 қыркүйекте Шымкент қаласы №2 почта бөлімшесінің пошташысы Н. Бортникова зейнеткерлердің үйіне зейнетақысын апаруға шыққанында екі адам қарақшылық шабуыл жасап, оның қолындағы ақшаны тартып алып кетеді. Оқиға орнына полиция келіп, қарақшылық шабуыл қылмысын тіркейді. Осы жерге келген Ә. Сүгірбаева пошта бөлімшесі басшысына қоқан-лоққы жасап, 5-6 сағаттың ішінде 1209000 мың теңгені кассаға құйдырады. Сонда директор еліміздің қай заңының, қай бабы, қай тармағын негізге алып, жосықсыздық жасауға барды? Сіздер ел заңдарын поштаның ереже, нұсқаулықтарынан төмен деп есептейсіздер ме? Сүгірбаеваның бұл сорақылығын есітпеген болып отыра бересіздер ме?
Сізге бесінші сауал. Сарыағашқа «Қазпочта» АҚ-ы тексеру және бақылау департаменті 2011,2012,2014 жылдарда және 2015ж. наурыз айында жүргізген тексерулерінде ірі мөлшердегі қаржының жоғалып жатқанын көрмей қалуының сыры неде?
Бухгалтерия есептері Орталықтандырылған. Астанадағы Орталықта тоқсандық, жарты жылдық, жылдық баланс жасалынады. Бухгалтерлік есеп-шоттағы қаржыны Орталық бақылайды. Бір жыл, екі жыл байқамасын, үшінші жылы көрсе болмай ма? Сонда 200 млн. теңгеден астам қаржы «жоғалғанша» қалай ешкім, ешнәрсе көрмей қалған?
200 млн. теңге Сарыағашта талан-таражға түскен жоқ, ол ауада, компьютердің бетінде жүріп жоғалған ақша. Тексеру де, тергеуде түбіне жеткен жоқ, жете алмайды да. Бұл қолға тимей, «жолда жүріп» жоғалған ақша. Бұл сізді ойландырмай ма? Әлде тіс батпайтын жер ме?
Сұраусыз қылған адам жоқ, елде заң бар, жұрт босқа күйіп кете бермейтін шығар-ау. Сарыағаш мәселесіне сергектікпен қарағаныңыз жөн деп есептейміз.
Енді Сізге айтар екі ұсынысымыз бар, Біріншісі, Шымкенттің жаман атын шығаруға намыстанамыз, Ә. Сүгірбаеваның «былығын » одан қоздатпайық, оны ОҚОФ директоры қызметінен алып кетіңіз. Екіншісі, Сарыағаштағы жазықсыз әйелдерді жылата бермей мәселесін шешіп беріңіз. Біздің облыста бір республиканың халқы тұрады. Шымкент «Игральная площадка» емес. Елдің алғысын алғаныңыз дұрыс. Жауап күтеміз.


Құрметпен,
«Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы О. Тажиев.

08.01.2107.


Категория: КазПочта

Комментарии (1):

Аккулова Гулжанат Коисовна (12.01.2017, в 12:43) Верифицированный аккаунт
Менеджер Управления поддержки клиентов филиала «ДКП», АО «Казпочта»
Добрый день!
Уважаемый Ерлан,
Ваше обращение отправлено на рассмотрение в соответствующее подразделение.
Дополнительно по всем вопросам Вы можете обращаться в Call center: по телефону 1499, звонок с городских номеров и мобильных телефонов по РК бесплатный.
Благодарим Вас за обращение в АО "Казпочта".

Написать комментарий:


Имя: * (или идентификатор)
E-mail: * (не публикуется)
Комментарий: *
2 + 6 = *