Жалоба №29715

Жалоба #29715 (29.07.2017, в 23:31) Правка
на
Поликлиника и городская больница г.Балхаша
29.07.2017, в 23:31
от
Арайлым, г. Балхаш
Сəлеметсіздер.
25.07.17ж. Қарағанды қаласында құлағыма ота жасаттым. Д/з Невус кожи левого слухового прохода. Сол күні үйіме жіберді. Күнделікті перевязканы өз қаламда, яғни Балхашта жасау керек болды. Жолдама алу үшін екі күн жүрдім. Жолдаманы берді, хирургке бардым, олар маған жолдама дұрыс емес деп қайтарып жіберді. Қайтадан терапевтке бардым. "Жұмыс уақыты бітті ертең приёмға жазылып келіңіз" деді. Жаксы, жазылдым кешкі сағат 18:00-ге. Ертең, яғни 28.07- жұма күні сағат 17:30-да бардым жазылған уақытыма. Жолдаманы берді, бірақ сенбі күні хирург жұмыс істемейтін болғандықтан, қалалық ауруханаға берді. Оған да көндім. Екі күн болды перевязка жасалған жоқ. Ертеңгісін ауруханаға бардым, тағыда қабылдамады жолдама дұрыс емес, кешегі күн жазылған деп. Осыдан кейін адам ашуланама, жоқ па? Үш күн жүрмін бір парақ қағаз үшін. Хирург маман айтады "өзіңіз жасай салыңыз түкте қиындығы жоқ, зелёнканы құя саласыз" дейді, сол дұрыс па? Сонда дəрігер көріп тұрып құлағыма перевязка жасаса, не себепті штраф төлейді? Сіз үшін штраф төлейтін шамам жоқ деп қағазымды қайтарып берді. Сонда адамның өмірін сол бір парақ қағаз шешеді ме? Осыдан кейін қалай барамыз дəрігердің алдына? Ақ халатты абзал жан дейді осы кісілерді.
Комментариев нет.


Написать комментарий:


Имя: * (или идентификатор)
E-mail: * (не публикуется)
Комментарий: *
6 + 3 = *